«Шебердің қолы ортақ» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды

7 наурызда No2 үлгілі кітапхана-филиалында «Жанұя» отбасылық
клубы мүшесінің қатысуымен «Шебердің қолы ортақ» атты шеберлік
сағаты ұйымдастырылды. «Жанұя отбасылық клубының мүшесі Канафина
Нұргүл ханым оқырмандарымызға өз қолынан шыққан өнерін, сыпыра,
жиделерін қалай тігу керек екендігін, жасалу жолдарын, тігін өнерінің қыр-
сырларымен бөлісті. Іс-шараға No5, 11, 13 жалпы білім беретін мектептерінің
3, 4, 7 сынып оқушылары қатысты. Оқырмандарға қолөнер құралдары туралы
жұмбақтар жасырылды. Келген қонақтарға 8 наурыз мерекесімен құттықтап,
сыйлықтар берілді.