Қуаныш Мұхаммедияқызы Үмбеталиева 1962 жылы Жезқазған облысы, Никольский қаласы, Жезқазған кентінде туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. Кітапхана саласында 1983 жылдан жұмыс істейді. 1981-1983 жылдар аралығында Жезқазған мәдени-ағарту училищесін «Кітапханашы» мамандығы бойынша білім алып еңбек жолын 1983 жылы Облыстық әмбебап кітапханасында кітапханашы болып бастады. Жұмыс барысымен 1986 жылы Москва қаласына 1 айлық курсты оқып келді. Кітапхана саласында қызмет етіп жүргендіктен білім деңгейін көтеру мақсатымен 1992 жылы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын «Кітапхана және библиография» мамандығы бойынша сырттай жоғары білім алып шықты. 1990-1996 жылдары Облыстық ғылыми-техникалық кітапханада жұмысын жалғастырды. 2002-2009 жылдары Жезқазған қаласындағы Ө.А.Байқоңыров атындағы университте кітапханашы, 2009 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында бөлім жетекшісі, 2010 жылдан бастап ОКЖ «Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінде» кітапханашы, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

  • Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Дипломы «Үздік кітап насихаттаушы» номинациясы (2012ж.)
  • Қарағанды облысының Құрмет грамотасы (2014ж.)
  • Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мадақтама (2014ж.)
  • Қарағанды облысының мәдениет және құжаттама басқармасының Дипломы «Жыл кітапханашысы» номинациясы және ақшалай сыйлық (2016ж.)
  • Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
  • түрлі білім салаларын тұтас қамтитын басылымдар түрін жинақтау;
  • кітапхананың кітап қорын олардың сұраныстарына қарай толықтыру;
  • кітапхана санына қарай жаңа түскен әдебиеттерді бөлу;
  • негізгі кітап қорын толықтыру көздері кітап дүкендері, республикалық баспалар, мерзімді басылымдарға жазылу, жеке адамдардың сыйға тартқан әдебиеттері.