Кенжебай Еркеназ Молдағалиқызы, 2005 жылы маусымның 19-ы күні Ұлытау облысы Жезқазған қаласында дүниеге келдім. 2011 жылы № 13 жалпы орта білім беретін мектебіне қабылданып,2020 жылы аталған мектепті бітірдім. 2020 жылы Жезқазған Гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп , «Іс қағазадарын жүргізу және мұрағатшы» мамандығы бойынша 2023 жылы бітірдім . Қазіргі таңда Қарағанды қаласындағы Орталық Қазақстан академиясында «Әлеуметтік — мәдени қызмет» саласы бойынша жоғарғы оқуымды оқып жатырмын. Қазіргі таңда Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімінде жұмыс жасаймын.Роза Аманғалиқызы Бердіғалиеваның 80 жылдығына арналған «Үздік кітапханашы -2025» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңінен 3 орын алғанмын.

 

 

 

 

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Ретро фонд кітаптарын «Рабис» бағдарламасына енгізу.
  2. Fine Raider бағдардамасымен өлке кітаптарын сандық форматқа көшіру.
  3. Кітап қорын өндеу бөлімінен жаңа түсілімдерді қабылдау, есепке
    алу тізім кітабына тіркеу, орналастыру.
    4.Сақтау тәртібін пайдалана стырып қорды тиімді ұйымдастыру және сақтау.
  4. Кітаптың жарық құрғақ жерде сақталуын қадағалау, белгіленген нормативке сай жағдайда ұстау.
  5. Қордың үнемі айналымда болуын қадағалау.
    7.Әдебиеттердің жойылып кетпеуіне жауапкершілікпен қарау.
    8.Қалыптасу мен пайдалану барысының барлық сатысында тұрақтылық сактау, қалпына келтіру (реставрация) жұмыстарын жүргізіп отыру.
  6. Жүйелі түрде қорда ескірген, қайталама (дублетті) әдебиеттерден тазартып отыру.
  7. Кітапхананың негізгі қорларын орналастыруды ұйымдастыру.
  8. Жана технология, бағдарламалармен жұмыс істеу.
  9. Кітапхана қорын уақытылы есепке алу, тексеру жумыстарын жүргізу.
  10. Сирек және өлке кітаптар бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  11. Каталог және тізім кітабымен жұмыс жасау.
  12. Пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстырын толық
    орындау, сапалы қызмет көрсету.
  13. Кітапхана қорын насихаттау.