Муханбетжанова Құралай Арманқызы, 1992 жылы наурыздың 1-і күні Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезді кентінде дүниеге келдім. 1998-2009 жыл аралығында Жезқазған қаласының №8 қазақ гимназиясында білім алдым. 2009 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетіне түсіп, «Информатика» мамандығы бойынша бітірдім. 2014-2018 жыл аралығында Ө.Байқоңыров атындағы университетінде тіркеу бөлімінде жұмыс жасадым. 2024-2026 жыл аралығында «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ -нің Ауезов қалалық кітапханасында жұмыс атқарамын.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
- кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру және ақпараттандыру, кітапхананың компьютерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- компьютерлерді жетілдіру, физикалық және моральдық тозығы жеткен компьютер жабдықтарын алмастыру, қолданыстағыларын жөндеу. Қазіргі заманғы программалар жасақтамаларын орнату;
- кітапхананың жергілікті компьютерлік желісіне техникалық қолдау көрсету;
- интернетке және электронды поштаға қол жеткізуді ұйымдастыру.
- кітапхананың электронды каталогын пайдалану және қолдау көрсету үшін ақпараттық инфрақұрылым жасау. Негізгі форматтарды жергіліктендіру;
- кітапхана сайтына, блогына технологиялық қолдау көрсету. Кітапхананың электрондық қызметтерін жетілдіру.
- онлайн-каталогтың web-интерфейсін сүйемелдеу.
- кітапханалық процесінде интернет-технологияны пайдалану. Бейнеконференцбайланыс режімінде шаралар өткізу.
