Кітапхананың миссиясы

  • Заманауи компьютерлік техниканы, интернет, электрондық және мультимедиялық электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы терең білімді болуын талап ету, жас ұрпақтың дүниетаным арқылы талапқа сай оқырмандарға тиімді жолдарын көрсету, ұлттық мәдени тарихынан, халық өсиеттерінен нәр алып, көркем әдебиет арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байытып, кітапқа деген ынтасын арттыру;

Кітапхананың мақсаты

  • Жыл сайынғы  «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша кітапхана көшбасшы болып, ең үздік деген туындыны,  Қазақстандық ақын -жазушылардың еңбектерін насихаттау, рухани мұраны сақтап, өнегелікке тәрбиелеу; кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуге, оқырмандарды қажетті әдебиеттер мен ақпараттармен қамтамасыз етуге өлке ақындары-жазушыларының шығармаларын насихаттау;

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары

  • Жалпы кітапхана қорының сапалық құрылымын дамыту;
  • Кітапханада электрондық ақпараттық қорларды құру;
  • Электрондық ақпаратқа еркін қол жеткізуді кеңейту;
  • Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеріп отыру;
  • Дәстүрлі және дәстүрден тыс жаңашыл қызметтерді ұсыну жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыру;

Кітапхананың міндеті

        Кітапханаға сәйкес қор құру тиімді қызмет көрсету,негізгі бақылау көрсеткіштерін орындау, кітап қорын көбейту, заман талабына сай жаңа технологиялық инновацияларды енгізу, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, кітапхананың материалдық – техникалық базасын нығайту.

  • Жаңашыл үрдістерді жұмыс барысында енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану;
  • Кәсіби дағдылармен алмасу, біліктіліктерін арттыру, кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа технологиялар, электрондық ресурстарды пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формаларымен таныстыру;
  • Жалпы кітапхана қорының сапалық құрылымын дамыту;
  • Кітапханада электрондық ақпараттық қорларды құру;
  • Электрондық ақпаратқа еркін қол жеткізуді кеңейту;
  • Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеріп отыру;
  • Дәстүрлі және дәстүрден тыс жаңашыл қызметтерді ұсыну жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыру;
  • Кітапхананың еліміздегі ірі кітапханалармен кәсіби байланысын нығайту;

Кітапхана ережелері

Кітапхана қызметін пайдалану Ережесі ҚР Конституциясы, «Мәдениет туралы» заңы, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен кітапхана қызметін пайдалану Ережесі негізінде құралған.

Оқырман құқықтары:

  • Кітапхана ұсынған кітапханалық –библиографиялық  және ақпараттық қызметтерді пайдалануға құқылы
  • Кітапхана қоры құрамы бойынша толық ақпарат алуға, ақпарат көздерін іздеу және таңдауда кеңес  көмегіне жүгінуге  құқылы
  • Құжаттарды уақытша  үйге немесе  оқырмандар залында қолдануға құқылы
  • Құжаттарды немесе олардың  көшірмелерін белгіленген электронды құжаттарға қол жеткізу  тәртібі  бойынша алуға құқылы
  • Кітапханада өткізілген іс –  шараларға   қатысуға
  • Кітапхана әкімшілігіне  түрлі  сұраныстар және  ұсыныстар тастауына

Оқырман міндеттері:

  • Кітапханадан алынған құжаттарға ұқыптылықпен қарау, белгіленген уақытта қайтару
  • Құжаттарды алысымен  әрбір басылымдарды мұқият қарап, жетіспеушіліктер болса кітапханашыға баяндауға
  • Құжат беттері жыртылып қалған жағдайда, соңғы пайдаланған оқырман жауапты
  • Жыл сайын оқу жылының соңында өзінің атына тіркелген барлық құжаттарды тексеруге
  • Құжаттарды жоғалтқан немесе жыртқан жағдайда, оларды кітапханашы құны тең деп санаған құжатпен немесе  жалғыз  даналы құжатпен алмастыруға
  • Кітапхана ішінде тыныштық және тазалық сақтауына, басқа оқырмандармен сондай –ақ, қызметкерлермен дұрыс қарым –қатынаста болуына