Елеусизова Қаламқас Абитхановна 1982 жылы 3 тамызда Қарағанды облысы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1999-2003 жылдары Жезқазған қаласының Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің < Журналистика> мамандығы бойынша оқыды.
2016-2018 жылдары Жезқазған қаласының < Жезқазған музыкалық > колледжінің < Кітапхана ісі> мамандығы бойынша бітірді.
2010 жылы 1 сәуірде “Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” ММ-сіне қарасты /1 М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалына кітапханашы қызметіне жұмысқа қабылданды.
2025 жылы 1 наурыздан бастап “Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы.
Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен ҚР “Россотрудничство” бірлесіп ұйымдастырған “Бегалинді оқиық” онлайн-сайысына қатысқаны үшін 2020 жылы дипломмен марапатталды.
“Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” КММ-сі ұйымдастырған 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай “Ғазиз Ана- ғаламның биік тәжі” атты іс-шараға белсене қатысқаны үшін Елеусізова Қаламқас Әбітханқызы құттықтау хатымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті ұйымдастырған Кәсіптік мереке Статистика күніне орай Қазақстан Республикасының статистика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін және 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге белсене қатысқаны үшін Қаламқас Әбітханқызы Елеусізова Алғыс хатпен марапатталды.

Жезқазған қаласы әкімінің сыйлығы Дипломымен Елеусизова Қаламқас Абитханқызы”Жылдың үздік кітапханашысы” номинациясы бойынша марапатталды.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде оқырмандар топтарына ғылым салалары және құжаттар түрлері бойынша жеке дара қызмет көрсету.
Оқырмандар сұранысын жылдам орындауды қамтамасыз ету.
Орындалмаған әдебиеттер сұранысына талдау жасау және шаралар қолдану.
Бөлім оқырмандарының әдебиеттерді мерзімінде қайтаруын қадағалау және кітап берешектерін ескерту жұмыстарын жүргізу.
Оқырмандардың оқу бағдарламасы, кәсіптік мамандығы, ғылыми тақырыптардағы ақпараттық сұраныстарына сәйкес абонементтің қосымша қорын қалыптастыру.
Пайдаланушылардың ақпараттарға сұранысын талдау негізінде кітапхана қорын толықтыруға қатысу.
Кітапхананың басқа құрылымдық бөлімдерімен бірлесіп мәдени-көпшілік, ақпараттық жұмыстарға қатысу.