Жүніс Ақбаян Тайқызы 1982 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Сарысу ауылында туған. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
1999-2002 жылдары Жезқазған педагогикалық колледжінде оқыды
2005-2007 жылдары Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетінде «Ағылшын тілі» мамандығын бітірді.
2002 -2009 жылдары «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.
2009 жылдан бастап Жезқазған қаласының М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында кітапханашы болып жұмыс жасады.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-де «Ақпараттық библиографиялық бөлімінің басшысы қызметін атқарады.
«Тілтану» оқу- әдістемелік орталығынан қазақ тілін толық меңгерген үшін С1 жоғары деңгейі бойынша сертификат берілді.(2019 ж)
– «Тілтану» оқу- әдістемелік орталығынан қазақ тілін толық меңгерген үшін С1 жоғары деңгейі бойынша сертификат берілді.(2019 ж)
– «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» OPENAIR-2023 фестивалінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаты
– «Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана: пайдалану технологиясы» шеберлік сағатына қатысқаны үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының сертификатымен марапатталды. 2024 жылы Жезқазған қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында Республика күніне және 24 қазан кітапханашылар мерекесіне орай кітапхана ісін өркентуге қосқан үлесі үшін марапатталды. 2024 жылы қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбегі және шығармашылық үлестері үшін қала әкімінің ҚҰРМЕТ грамотасымен марапатталды.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
- кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратын жаңа мәліметтермен жедел
толықтыру және құру; - анықтама – библиографиялық қызмет көрсету ( анықтамаларды орындау: тақырыптық,
мекенжайлық, фактографиялық, статистикалық және т.б.);. - библиографиялық құралдарды қолдану мәселелері бойынша оқырмандарға кеңес беру;
- библиографиялық құралдар, тізбелер құрастыру;
- виртуалды анықтамалық қызмет көрсету;
- деректер базасынан ақпарат беру;