Махмұтова Анар Жамантайқызы
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің
басшысы.

      1976 жылы Қарағанды облысы, Теректі стансасында туған.
1995 жылы -Жезқазған педагогикалық институтының жеделдетілген «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, 1998 жылы – «Қазақ тілі мен әдебиет орыс мектептерінде» факультетін, 2008 жылы – Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтының «Кітапхана және кітапханатану» бөлімін сырттай оқып бітірді.
1995 жылдан М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқу залында кітапханашы, 2012 жылдан М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалының меңгерушісі.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ басшысының қызметін атқарады.

  • 2013 жылы ОКЖ арасындағы «Білікті маман – білімнің көшбасшысы» атты сайыста М.Әуезов атындағы кітапхана -филиалы 1-орын иеленуіне өзіндік үлесін қосты.
  • 2013 жылы ОКЖ-сі ұйымдастырған «Библиографиялық құралдар жәрмеңкесі -2013»шебер класс сайысында «Тарих-археологиялық мұражайы ашылғанына – 35 жыл» – ақпараттық- дайджест шығарып, «Мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал» номинациясымен марапатталды.
  • 2018 жылы Қазақстан Республикасы «Өрлеу» білім-ғылым технология порталында «ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ» «Үздік кітапханашы» төсбелгісі және мадақтамасымен марапатталды.
  • 2019 жылы Жезқазған қаласы әкімінің «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясы және 100 000 теңге сыйақысымен марапатталды.
  • 2023 жылы Ұлытау облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2023 жылы Алматы қаласында өткен Тәуелсіздік күні қарсаңында “Тәуелсіз ел жастары” қоғамдық қорының “Қазақстанның үздік мәдениет қызметкерлер” Республикалық байқауына үздік маман қатыстырғаны үшін марапатталды. 2024 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлеріне күніне орай министердің ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.                                                                                                

Сүйіндікова Гүлназира Қайырқұлқызы
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің
басшысының орынбасары.

1970 жылы Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданында туған. 1987 жылы Н.Әбдіров атындағы орта мектепті бітірген. 1987-1989 жылдары Жезқазған мәдени ағарту училищесін оқыған.
Еңбек жолын 1990 жылы Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 Сарыкеңгір селолық кітапхана-филиалында бастаған.
1996 жылы Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы,
2009 жылы методикалық-ақпаратты бөлімінің библиографы,
2010 жылы Жезқазған қаласының С.Сейфуллин атындағы кітапханада Ақпаратты автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі,
2011 жылы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылы кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері, 2013-2015 жылдарда кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы, 2015-2018 жылдар аралығында №7 кітапхана-филиалында кітапханашы, 2019-2022 кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері,
2022 жылдың шілде айынан бастап бөлім меңгерушісі, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысының орынбасары болып қызмет атқарады.

  • Жезқазған қаласының мәдениет бөлімінің Алғыс хаты (2001 ж)
  • Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Дипломы (2007ж)
  • «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  Мадақтама (2014 ж)
  • Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Дипломы (2012 ж.)
  • Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Дипломы (2017 ж.)
  • Жезқазған қалалық әкімінің Құрмет грамотасы (2017 ж)
  • Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Сертификаты ақшалай сыйлық (2018 ж)
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақтану» бағдарламасының «Қазыналы кітапхана-жобасы аясында өткен Қарағанды облысы кітапханашыларының конференциясына белсене қатысқаны үшін Алғыс хат (2021 ж)
  • Жезқазған қалалық әкімінің Құрмет грамотасы (2021 ж)
  • Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  «Тілтану» оқу – әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша В1 – орта деңгейін меңгергендігі үшін   сертификат (2017 ж)
  • Жезқазған қаласының әкімдігі Жезқазған  қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз-2023» мерекесі аясында өткізілген  «Абысын тату болса, ас көп…! атты дәстүрлік-тағылымдық конкурсының I Дәрежелі Диплом жеңімпазы. Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (2023 ж)
  • Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Жезқазған  қаласы әкімінің «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясы бойынша Диплом және ақшалай сыйлық Астана қаласы «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі атынан «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» төсбелгісімен» (2023 ж)
  • 2024 жылы Жезқазған қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында Республика күніне және 24 қазан кітапханашылар мерекесіне орай кітапхана ісін өркентуге қосқан үлесі үшін Диплом (2024 ж)