Кенжебай Еркеназ Молдағалиқызы, 2005 жылы маусымның 19-ы күні Ұлытау облысы Жезқазған қаласында дүниеге келдім. 2011 жылы № 13 жалпы орта білім беретін мектебіне қабылданып,2020 жылы аталған мектепті бітірдім. 2020 жылы Жезқазған Гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп , «Іс қағазадарын жүргізу және мұрағатшы» мамандығы бойынша 2023 жылы бітірдім . Қазіргі таңда Қарағанды қаласындағы Орталық Қазақстан академиясында «Әлеуметтік — мәдени қызмет» саласы бойынша жоғарғы оқуымды оқып жатырмын. Қазіргі таңда Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімінде жұмыс жасаймын.Роза Аманғалиқызы Бердіғалиеваның 80 жылдығына арналған «Үздік кітапханашы -2025» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңінен 3 орын алғанмын.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
- Ретро фонд кітаптарын «Рабис» бағдарламасына енгізу.
- Fine Raider бағдардамасымен өлке кітаптарын сандық форматқа көшіру.
- Кітап қорын өндеу бөлімінен жаңа түсілімдерді қабылдау, есепке
алу тізім кітабына тіркеу, орналастыру.
4.Сақтау тәртібін пайдалана стырып қорды тиімді ұйымдастыру және сақтау. - Кітаптың жарық құрғақ жерде сақталуын қадағалау, белгіленген нормативке сай жағдайда ұстау.
- Қордың үнемі айналымда болуын қадағалау.
7.Әдебиеттердің жойылып кетпеуіне жауапкершілікпен қарау.
8.Қалыптасу мен пайдалану барысының барлық сатысында тұрақтылық сактау, қалпына келтіру (реставрация) жұмыстарын жүргізіп отыру. - Жүйелі түрде қорда ескірген, қайталама (дублетті) әдебиеттерден тазартып отыру.
- Кітапхананың негізгі қорларын орналастыруды ұйымдастыру.
- Жана технология, бағдарламалармен жұмыс істеу.
- Кітапхана қорын уақытылы есепке алу, тексеру жумыстарын жүргізу.
- Сирек және өлке кітаптар бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- Каталог және тізім кітабымен жұмыс жасау.
- Пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстырын толық
орындау, сапалы қызмет көрсету. - Кітапхана қорын насихаттау.
