«Кім тапқыр » викториналық ойын
№ 9 үлгілі кітапхана – филиалында 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Кім тапқыр » викториналық ойын өткізілді. Іс-шара 91 орамда кітапхана ауласында өтті. Викториналық ойын 4 кезеңнен тұрады. 1кезең; «Кім жылдам?». Сұрақ – жауап?
2кезең; «Мақал – мәтел» жалғастыр. Қағазда көрсетілген суреттерден Мақал- мәтелді құрастыру.
3 кезең; «Білгенге – маржан» Карточкадағы бірдей суреттерді тауып «Қазақстанның жеті кереметі» атау.
4 кезең;«Ойлан, тап!» Қорапта берілген кітаптардан бірдей кітаптарды табу.
«Кітап – ой білімнің кәусар бұлағы» атты ностальгиялық көрме жасалды. Көрмеге біздің ата – анамыз оқыған кітаптары мен қазіргі біздің оқып жатқан кітаптары қойылды.Биылғы жылдың «КІТАПшоу – 2024» фестиваліне біздің тұрақты оқырмандарымыз белсене қатысты.