«Кітап – әлемнің жаршысы» атты кітап керуені

Халықаралық кітап және авторлық құқық күні және «Kітап шоу-2024» фестиваліне орай, Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №2 үлгілі кітапхана-филиалы «Кітап – әлемнің жаршысы» атты кітап керуенін ұйымдастырды. Іс-шараға №11, 13 мектебінің 4, 6 сынып оқушылары қатысты. Кітапханада «Кітап керуені рухани әлемге шақырады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. №11 және №13 мектептерінің 6-сынып оқушылары Ж.Бақыт пен Д.Сұлтановалар балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша Қожа мен Жанардың рөлдерін сомдап көрініс көрсетті. Қатысушылар кітап туралы мақал-мәтелдер айтқызып, жұмбақтар шешіп, «Ұшты-ұшты» ойыны ойнатылды. Кітапхана іс-шарасына белсене қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды. Көрмеге қойылған «Сарыарқа» сериясымен шыққан өлке ақын-жазушыларының кітаптары мен балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың кітаптары таныстырылды. Кітап күніне арналған іс-шарадан оқырмандар жақсы көңіл-күймен тарасты.