«Саулық кілті-өз қолыңда» атты библиотерапия
№2 үлгілі кітапхана-филиалы топтық ақпараттандыру жұмысы бойынша «Кошумбаева» ОДА-сына барып, «Саулық кілті-өз қолыңда» атты библиотерапия өткізді.
Медбике Абенова Қанат амбулатория емделушілеріне жеке гигиена, аллергия, дұрыс тамақтану туралы айтып өтті. Кітапханашы Қыдырманова А. «Саулық кілті-өз қолыңда» атты кітап көрмесімен медбикелері мен емделушілерге таныстырды. Көрмеге «Денсаулық» журналы, У.Жарқынбай «Ас адамның арқауы», «Денсаулық» энциклопедиясы, А.Сина «Канон врачебной науки» т.б адам денсаулығына пайдалы кітаптар қойылды. Көрмеге қойылған У.Жарқынбайдың «Саулық кілті өз қолыңда» кітабын аға медбике Л.Сейтжаппарова, О.Панковтың «Как очки убивают наше зрение» атты кітабын Абжанова Ботагөз оқуға алды.