«Қаралы жылдар жаңғырығы» дөңгелек үстел

№8 Қорғанбай ауылдық кітапхана-филиалы 4 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне «Қаралы жылдар жаңғырығы» дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» кітап көрмесі ұйымдастырылып, Алаш қозғалысы, Алаш көсемсөзі кітаптары, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлиннің шығармалары таныстырылды.