«Бала – біздің болашақ» мерекелік ертеңгілік

​1-маусым Балаларды қорғау күніне орай, №2 үлгілі кітапхана-филиалында «Бала біздің болашақ» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды. Іс-шараның қонақтары, өз өнерлерімен тамсандырған «Ұлытау-Мейірім» қоғамдық қорының тәрбиеленушілері мен кітапханамыздың жас оқырмандары. Мерекелік ертеңгілікті Халықаралық «Шашу» өнер фестивалінің вокал номинациясының номинанты, «Ұлытау fest» фестивалінің жеңімпазы Сейтқали Айғаным «Балдәурен» әнімен ашты. Кітапханашы балаларды құттықтап, ойын ойнатты. Биші қызымыз Искендирова Айзеренің орындауында «Танцуй со мной» биі, Камалбек Кәусардың «Анажаным», Камалбек Жайна «Біз-Отанның бөбегі» және «Ұлытау-Мейірім» қоғамдық қорының тәрбиеленушілері «Әке-ана» әндерін орындап әдемі көңіл-күй сыйлады. «Ұлытау-Мейірім» қоғамдық қорының балалары «Бауырсақ» ертегісінен көрініс көрсетті. Іс-шара барысында Сейтқали Айғаным «Мен мақтаншақпын» әнін, «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының жеңімпазы, кітапхана оқырманы Камалбек Жұбан Ш.Ділдебаевтың «Шындық» термесін орындап берді. Балаларды мерекемен құттықтап «Тедди» аюлары келді. Ертеңгілікке қатысқан балаларға тәтті шырын мен балмұздақтар сыйға тартқан жеке кәсіпкер, «Ұлытау» дүкенінің иесі Төлеген мырза балаларды қуанышқа бөледі. Іс-шара соңында балалар флешмоб билеп, мерекенің көңілді өтуіне ат салысты.