«Рухты асқақтатар рәміздер» атты тарихқа саяхат

№3 Теректі кітапхана-филиалында 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рухты асқақтатар рәміздер» атты тарихқа саяхат өткізілді.
Аталған шараға №6 негізгі орта мектебінің мұғалімдері мен 4-7 сынып оқушылары қатысты. Шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталды. Кітапханашы М.Т. Касымбекова оқырмандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы толық мағлұмат берді. Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы және олардың қалыптасуы туралы бейнероликтер көрсетілді.
«Рәміздер – тәуелсіздік тұмары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Е. Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», Ж. Нәжмеденовтың «Менің Қазақстаным» және т.б. кітаптар қойылып, оқырманға насихатталды.