“Денсаулықты баптаймыз, өмірімізді сақтаймыз” тақырыбында дәрігер кеңесі

№3 Теректі ауылдық кітапхана-филиалы “Денсаулықты баптаймыз, өмірімізді сақтаймыз” тақырыбында дәрігер кеңесін ұсынады. Теректі ауылдық №6 мектеп оқушыларына, мектеп медбикесі Торғаева Қуаныш дәріс өткізді. Ол денсаулықты бақылауда ұстаудың маңызы зор, оны денсаулық мәдениеті деп атайтынын, адамның өзінің денсаулығы, оның көрсеткіштері мен белгілерін білуі медициналық сауаттылыққа жататынын атап өтіп, оқушыларды қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.