«Квазимемелекеттік секторда комплаенс қызметті ұйымдастыру» атты бір күндік семинар-кеңес
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №2 үлгілі кітапхана-филиалының меңгерушісі А.С.Қыдырманова 19 маусымда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті ұйымдастыруымен өткен «Квазимемелекеттік секторда комплаенс қызметті ұйымдастыру» атты бір күндік семинар-кеңеске қатысты. Семинар барысында «Ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Комплаенс бағдарламасын құру», «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі» тақырыптарында тренинг жүргізген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының жаттықтырушысы, заң ғылымдарының магистрі, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы Токатов Руслан Алтаевич, «Заңнама талаптары: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа шолу, реформалар», «ҚР Мемлекеттік сатып алу үдерістерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», “Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі” ISO 37001-2017 стандарты бойынша енгізу және сертификаттау. «Талаптар және пайдалану жөніндегі Нұсқаулық» тақырыптарда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Абишев Куанышбек Кайырбекович өткізді. Семинар барысында спикерлерге сұрақтар қойылды. Соңында қатысушыларға сертификат табысталды.