«Жемқорлықсыз ел- Гүлденген ел» атты мемлекеттік қызметкерлерімен пікір алмасу
№5 Кеңгір селолық үлгілі – кітапхана филиалы «Жемқорлықсыз ел- Гүлденген ел» атты мемлекеттік қызметкерлерімен пікір алмасу ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Кеңгір селолық әкімшілік мамандары Д.Дыбысова, Д.Шамшиева, әкімшлік заңгер С.Ермағанбетов және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Жемқорлықпен күрес әрбір саналы азаматтың парызы деп әкімшілік заңгер С.Ермағанбетов сөзге тиек етті. Кез келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып отыр. Әкімшілік маманы Д.Дыбысова сыбайлас жемқорлық — өте күрделі құбылыс, сол себептен барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті екендігі жайлы айтып өтті. Пікір алмасуда әр түрлі жұмыс барысында келеңсіз жағдайлардын орны алып жататындығы жайлы мысалдар келтіріліп, күресу жайлы айтылды.Ертеңгі болашағы үшін алаңдайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны дұрыс екендігі де айтылды.