“Ерекше балаға ерекше көзқарас”
№2 үлгілі кітапхана-филиалы мүмкіндігі шектеулі балаларға «Ерекше» балаға ерекше көзқарас» атты ертегі терапия ұйымдастырды.
Кітапханашылар «Ұлытау-Мейірім» қоғамдық қорының тәрбиеленушілеріне барып, балаларды ертегі кітаптармен таныстырды. «Бұлбұл мен тоқылдақ», «Ақиқат құсы», «Үйшік», «Бейбарыс», «Торғай мен тышқан», «Бұта түбіндегі сараң», «Кәрі арыстан», «Қайырымдылық» және т.б ертегілер берілді. Кітапханашы А.Қыдырманова «Бұлбұл мен тоқылдақ» ертегісін оқыды. Балаларда өздері оқыған ертегілерін айтып берді. Кітапханашылар ерекше балалармен естелікке суретке түсті.