«Салауатты өмір-жарқын болашақ» дәрігер кеңесі

Кеңгір селолық №5 үлгілі кітапхана-филиалы «Салауатты өмір-жарқын болашақ» дәрігер кеңесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға «ОДА» ауылдық отбасылық медбикесі Г.Алтаева және кітапхана оқырмандары қатысты. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интелект өрісін биіктету, рухыңды шындау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырадынын кітапханашы Н.Смагулова айтып өтті. Сонымен қатар У.Жарқынбайдың «Ас-адамның арқауы», «Саулық кілті өз қолында» т.б. кітаптарымен таныстырып насихаттады. Ауылымыздың (ОДА) отбасылық амбулоториялық дәрігері Г.Алтаева нақты тазалық, саулық жайлы тоқталып қысқаша пайдасы жайлы айтып өтті.