Ата Заң – елімнің тынысы” ақпарат сағаты

№6 Талап кітапхана-филиалында Конститутция күніне орай «Ата Заң – елімнің тынысы” атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараға №14 мектептің жазғы демалыс уақытында жүрген балалармен бірге өткізілді. Кітапханашы Қазақстан Конституциясы туралы терең білім беру, жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарау және оларды орынды пайдалана білуге үйрету, патриоттық, адамгершілік, құқықтық тәрбие беру мақсатында ақпараттар берілді.
Іс- шара ҚР ән ұранымен басталып , патриоттық әндерімен мен өлең шумақтары оқылды. Ата Заңға байланысты балаларға сұрақтар қойылып, сол сұрақтарға кітапхананың белсенді оқырмандары Ж. Олжас, С. Умарова, Ә. Бөрібай жауап берді.
Іс -шара соңында Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» атты әні хормен орындалды.