“Ата заң- мәңгілік ел мәртебесі” патриоттық сағат
Қазақстан Республикасының Конституциясы-Қазақстанның ата заңы. Биыл ата заңымыздың қабылданғанына 29 жыл.
Айтулы мереке қарсаңында #9 үлгілі кітапхана-филиалы “Ата заң- мәңгілік ел мәртебесі” атты патриоттық сағат өткізді. Мәдени іс-шара Ән ұранмен басталып, оқырмандарға ұрпақтан-ұрпаққа ата-бабаларымыздан жеткен Дала заңының тарихы мен Конституция құрылымы мен бөлімдері, шығу тарихы жайлы мағлұмат берілді. Кітапхана оқырмандары Ата заң туралы өлеңдер оқыса, кітапханашы іс- шараға орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасады.