“Азат елдің ар-намысы – Ата заң”
№3 Теректі ауылдық кітапхана-филиалы 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай “Азат елдің ар-намысы – Ата заң” саяси сағат өткізді. Кітапханашы оқырмандарға ҚР Конституциясының тарихымен, құрылымымен, енгізілген өзгертулер мен түзетулерді таныстырды. Оқырмандарға “ҚР Конституциясы”, “ҚР Елтаңбасы”, “ҚР Мемлекеттік Әнұраны” кітаптары, мерзімді басылымдардағы мақалалар таныстырылып, оқуға ұсынылды.