«Тілім менің – тірлігімнің тірегі» эстафета
№2 үлгілі кітапхана-филиалы 5 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты эстафета ұйымдастырып, кітапханашы А.Қыдырманова эстафетаны бастады. «Тіл мен ұлт» атты өлең оқып, эстафетаны Маруа Құлұшева атындағы балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне жолдады. Қазақ тілін насихаттау барысында тіл туралы өлеңдерін оқып, эстафетаға ат салысқан оқырмандар Ж.Жалғасбай, А.Зыкин, А.Долгов, А.Лознухо және М.Құлұшева атындағы балаларды бейімдеу орталығының тәрбиешісі Қ.А.Байбатыровалар кітапхананың алғыс хатымен марапатталды.