«Тіл татулық-тірегі» кросс-спринт

№8 Қорғанбай ауылдық кітапхана-филиалы 5 қыркүйек — Қазақстан халықтары тілдері күніне орай «Тіл татулық-тірегі» кросс-спринт өткізді. Оқырмандарға «Мемлекеттік тіл ұлттық бірегейліктің негізі», «Казахский язык просто о сложном», «Ана тілі — қанатым», «Кәсіптік қазақ тілі» , «Қазақ тілінің лингвистикасы» кітаптары таныстырылып, «Болашақ», «салт-дәстүр» тақырыбында кроссвордтар ұсынылды. «Болашақ» кроссвордын Құтжанбай Айзия бірінші орындап, жеңіске жетті. Ауыл ақсақалдары Есенбаев Бағдат пен Абильдинов Кәрім Қазақстан халықтары тілдері мерекесімен құттықтады.