«Ұлттық құндылықты ұлықтаған ақын» атты өлке сағаты
15 қазанда №2 үлгілі кітапхана-филиалында Қазақстанның қоғамдық
тарихында абыройлы орын алатын, қазақтың және өлкеміздің белгілі
жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ
әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жыл
толуына орай «Ұлттық құндылықты ұлықтаған ақын» атты өлке сағаты
ұйымдастырылды. Іс-шараға No1, 11 мектеп оқушылары қатысты.
Кітапханашы Сәкен Сейфуллин жайлы таныстырып, оқушылар өмірбаянын
қысқаша айтып берді. Жезқазған музыкалық колледжінің студенті Ұ.Сабыр
«Сәкеннің монологы» мәнерлеп оқыды. Оқырмандар Ә.Мұрат, А.Сапар,
А.Мұрат, А.Серік ақынның «Көкшетау», «Сағындым», «Сыр сандық»
туындыларынан үзінді оқыды. Кітапханашы «Тұғыры биік тұлға» атты кітап
көрмесімен таныстырды. Көрмеге С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы»,
«Тау ішінде», «Тар жол, тайғақ кешу» т.б. кітаптары қойылды