“Мәңгілік жаса қыран елім Қазақстаным ” патриоттық сағат

№5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана – филиалы 25 – қазан Қазақстан Республика күніне орай “Мәңгілік жаса қыран елім Қазақстаным ” атты патриоттық сағат ұйымдастырды. Іс – шараның мақсаты: 25-қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру. Жас ұрпақты Отан сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, махаббат сезімін ояту көзделген. Іс-шара ҚР гимн айтылып, Кеңгір селосының әкімі Р.Ш. Есмағанбетов құттықтау сөзімен ашылды. “Назқоңыр” домбыра үйірмесінің оқушысы Б.Мұрат Құрманғазының “Адай” күйін орындап, №2 ЖОБМ-ның хор оқушылары “Туған жер” атты әнін айтты. “Туған елім – Қазақстан” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға насихатталды. Көрмеге С.Қалиұлының “Менің елім”, “Туынды көтер”, М.Керейбаевтың “Отан – біздің әніміз”, “Моя Родина – Казахстан” т.б. кітаптар қойылды және іс – шара барысында Қазақстан Республикасы күніне арналған “Ұлттық мереке – ұлы күн” атты бейнеролик көрсетілді.