№3 Теректі ауылдық кітапхана-филиалы 25 қазан Республика күніне орай «Нұр сыйласын арай, күн» танымдық сағат өткізді. Іс-шараға №6 Теректі орта мектебінің оқушылары қатысты, іс-шара ҚР мемлекеттік әнұраны орындаумен басталып, кітапханашы оқырмандарды мерекемен құттықтап, Республика күнінің тарихымен таныстырды, «Көк тудың желбірегені», «Казахстан — моя родина», «ҚР мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» «Қазақстан тарихы»1, 2 том кітаптары ұсынылды. 6 сынып оқушылары «Отаным — Қазақстан» әніне флешмоб биледі.