Ауыл кітапханаларына 100 кітап” акциясы аясында
Ұлытау облыстық әмбебаб кітапханасына жолданған “Ауыл кітапханаларына 100 кітап” акциясы аясында Президент атынан, Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Арқабайұлы сыйға берілген әдебиеттер ауыл кітапханаларына үлестірілді. 5 ауылдың кітапхана-филиалдарының кітап қоры әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармалары, балалар әдебиетінің жауһарлары, комикстер, қазіргі заманғы проза мен поэзия тарихы, танымдық-ағартушылық әдебиеттермен толықты.