«Қазақ прозасының хас шебері» библио-дисскуссия
№8 Қорғанбай ауылдық кітапхана-филиалы қазақтың көрнекті жазушысы, ақыны, драмашысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, қазақ прозасының негізін қалаушы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ прозасының хас шебері» тақырыбында библио-дисскуссия өтті. Библио-дисскуссияда қазақ тарихындағы алғашқы прозалық туынды саналатын «Шұғаның белгісі» шығармасы талқыланды. Оқырмандарға автордың өмірбаяны, кітапхана қорындағы кітаптары таныстырылды.
