“Айналайын халқымнан, еркелеткен” өмірдерек

N3 Теректі ауылдық кітапхана-филиалы қазақ әншісі, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Бибігүл Төлегенованың туғанына 95 жыл толуына орай “Айналайын халқымнан, еркелеткен” атты өмірдерек өткізді. N6 Теректі негізгі орта мектебінің 7 сынып оқушылары арасында кітапханашы әншінің өмірбаяны, ұлттық музыка өнеріндегі жетістіктері туралы мәліметтер айтылып, слайд көрсетілді. Оқырмандарға И.Серікбаеваның “Бибігүл Төлегенова: сүйіспеншілік, үміт және сенім” атты кітабы насихатталды.