«Есенберлин ерлігі» шығармаларына шолу

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №2 үлгілі кітапхана-филиалы биыл 10 қаңтарда қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жазушы, драматург және қоғам қайраткері Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай, «Есенберлин ерлігі» атты шығармаларына шолу ұйымдастырды. Көрмеге «Көшпенділер» трилогиясы, «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаhар», «Алтын орда», «Аққу құстар қуанышы», «Ілияс Есенберлиннің поэзиясы», «Мұхиттан өткен қайық», «Жан сырым», «Қара алтын», «Скифтер сағымы», «Махаббат мейрамы» т.б кітаптары қойылды.