Ұлттық басылым күніне орай «Баспа ісі: оқырман сұранысы, автор құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел

Аманат партиясы Ұлытау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Кітап-AMANAT» жобасы аясында «КitapAl» дүкенінің коворкинг залында Ұлттық басылым күніне орай «Баспа ісі: оқырман сұранысы, автор құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында аймақтағы баспа ісі, кітап шығаруда кездесетін проблемалық мәселелер, баспа–кітап–оқырман арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды. Іс -шараға орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Оспанова Г.Х. мен кітапханамыздың үздік оқырманы Жолаев Закирхан ағада өз ойымен бөлісіп, жастарды кітап оқуға шақырды.