«Қаламгер дидары» онлайн әдеби портрет
№2 үлгілі кітапхана-филиалы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, жазушы, драматург, тарихшы және әдебиеттанушы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Қаламгер дидары» атты онлайн әдеби портрет ұйымдастырды. Видеода жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Мұхтар Мағауиннің шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпай, жас ұрпаққа мол тағылым береді. Әсіресе, «Аласапыран», «Алдаспан», «Қобыз сарыны», «Тазының өлімі», «Қыпшақ аруы», «Шақан-шері» т.б. шығармалары оқырманды ойландырады, терең философиялық ойларға жетелейді. @kitaphana_zhez