«Мұқағали мәнгілік ғұмыр,, поэзиялық кеш
№4 Малшыбай ауылдық кітапхана – филиалында «Мұқағали мәнгілік ғұмыр,, атты поэзиялық кеш өткізілді. Іс-шараға 5-8 сынып оқушылары қатысып, өлең шумақтарын айтып, өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді. 5 – сынып оқушысы Ержанқызы Айзере «Өмір өзен,, атты өлеңін және Совет Айзере «Үш бақытым,, атты өлеңдерін оқыды. Рысбеков Айзере, Ержанқызы Айзере, Ержанқызы Жанерке Мұқағали Мақатаев туралы қойылған сұрақтарға жауап берді. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттап, ақынның өлеңдерін жаңа ұрпаққа жеткізіп, қазақ поэзиясының шоқтығы биік тұлғасын еске алдық.
«Поэзия асқары – Мұқағали,, атты кітап көрме қойылды. Кітап көрмеге: «Мұқағали тілі сөздігі,, ; «Мұқағали Мақатаев күнделік,, , «Өмір өзен,, , «Жүрек сызы,, , «Таңдамалы шығармалар,, атты кітаптарына шолу жасалды. @malshibai.lib