«Зорлық-зомбылыққа жол берілмейді» әңгіме кеңес

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №2 үлгілі кітапхана-филиалында «Зорлық-зомбылыққа жол берілмейді» атты әңгіме кеңес ұйымдастырылды. Іс-шараға Жезқазған қаласының ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция тобының полиция капитаны Мамыраева Балдырған Сәулебековна және Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Тапишева Светлана Бекеновна мен оқушылары қатысты. Кітапханашы іс-шараға қатысушыларға зорлық-зомбылық туралы мәлімет беріп, түрлеріне тоқталып, алдын-алу шараларымен таныстырды. Іс-шара қонағы полиция капитаны Мамыраева Балдырған Саулебековна оқырмандарға зорлық-зомбылық жайлы адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс, зиян келтіретін қылмыстар мен жауапкершіліктер туралы толық ашып, айтып өтті.
@kitaphana_zhez