Мәдениет – әлемнің тірегі: ой-толғамдар, сұхбаттар кітабы / Әлия Бөпежанова
821.512.122
Б 78
Бөпежанова Ә.
Мәдениет – әлемнің тірегі: ой-толғамдар, сұхбаттар кітабы / Әлия Бөпежанова. – Алматы, «Тоғанай Т», 2024 жыл, – 592 бет.
Шығармашылығының ерекше бір сипаты – сұхбаттастық болып келетін белгілі сыншы, мәдени сарапшы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова «Мәдениет – Әлемнің тірегі» атты жаңа кітабында қоғамымыздың соңғы отыз жылдан аса уақыт аралығындағы рухани тынысы, әдебиет пен өнердегі үдерістер зерделенеді.
Сыншы көрнекті әдебиет, өнер, қоғам қайраткерлерімен ұлт руханиятының өзекті мәселелерін мәдени контексте сөз ететін қызғлықты сұхбаттары «Біз Пайғамбар емеспіз…» атаумен бірінші бөлімге топтастырылса, «Мен мәдениет адамымын» атты екінші бөлімде сыншының өзінің рухани-көркемдік ізденістері, азаматтық, парасаттылық болмысы танылатын кеңістігі кең толғаныстары мен сұхбаттары берілген.
Қоғамымыздың рухани даму барысын пайымдауға мүмкіндік беретін бұл құнарлы жинақ руханиятта, мәдениетте өмір кешетін көпшілік оқырманға арналған.