Сөз сарасы: Ғылыми зерттеулер / Шайгүл Рамазанова

82.09

Р 19

РАМАЗАНОВА Ш.

Сөз сарасы: Ғылыми зерттеулер / Шайгүл Рамазанова.- Алматы: «Sardar G», 2024. – 296 бет.

  Филология ғылымының кандидаты, ғалым-зерттеуші Шайгүл Рамазанованың бұл жаңа кітабы үш тараудан тұрады. «Ақын жырларындағы тарихи шындық Һәм көркемдік ерекшеліктер» атты алғашқы тарауында көрнекті ақын Жәркен Бөдеш өмірі мен шығармашылығы жан-жақты зерделеніп, талдап-таразыланған.

   «Жеті каған» жыры – елдік пен ерліктің шежіресі» аталатын екінші тарауына көнеден жеткен құнды жәдігер – «Жеті қаған» жыры туралы толайым зерттеулері топтастырылған. Ал «Тіл – тіршіліктің бастауы» атты үшінші тарауына ана тілімізді оқып-үйретудің әдістемелері мен жолдары, қадір-қасиеті, мен-маңызы, өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары, ұлттык құндылықтар жайындағы мақала-материалдары жинақталған. Еңбектің жаңалығы мол, ғылыми сипаты басым, жеңіл оқылады. Жас ұрпақтың көкірек көзін ашып, көңіл көкжиегін кеңейтері сөзсіз.

Кітап көпшілік қауымға арналған.