“Ана- отбасының алтын діңгегі” кітапханашылар арасында сайыс
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана- отбасының алтын діңгегі атты кітапханашылар арасында сайыс ұйымдастырылды. Шара шымылдығын ашу үшін Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы А.Ж. Махмутова құттықтау сөз сөйлеп,сайысқа қатысатын аналарға сәттілік тіледі. Мерекелік шара барысында «Миллион алых роз» әні орындалып, бір шоқ гүлдер аналарға сыйға тартылды. Мерекелік іс-шарада Тайжан Қалмағанбетов атындағы филармония әншісі Қадірсіз Диас «Анаға сәлем» әнін орындады.
Қазылар алқасының мүшелері Жезқазған қаласының гуманитарлық колледжінің кітапханашысы А.Т. Шахманова, Ұлытау облыстық жоғары медициналық колледжінің кітапханашысы Ж.К.Жалғасбаева, Тау-кен металлургия колледжінің кітапханашысы Г.Б.Сүлейменова әділ бағаларын берді.
Сайыс бес кезеңнен тұрды.
1-кезең «Өзін-өзі таныстыру» әр аналар өздерін таныстырды.
2-кезең «Сегіз қырлы, бір сырлы» қол өнер сайысы. Сайысқа қатысушылар өз қолдарынан шыққан бұйымдарын көрсетті.
3-кезең «Білімді ана» салт-дәстүрге байланысты сұрақтар экран ұяшықтарынан көрсетілді. Ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап берілді.
4-кезең «Ертегі оқып берейін немесе өз өнерін көрсету» Бұл кезеңде әр қатысушы аналар өнерлерін ортаға салды.
5-кезең «Отбасыма жайған дастархан» Өз қолдарынан шыққан дәмді тағамдарын ұсынды.
Іс-шара барысында әр сайысқа қатысушы аналар барлық кезең бойынша өз өнерін, зор білімдерін, кәсіби шеберліктері мен өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдары мен таныстыра отырып ортаға салды.
III дәрежелі дипломмен кітапханашысы №2 үлгілі кітапхана-филиалының кітапханашысы Қ.Ә.Елеусізова, Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы З.Т. Шайхова, II дәрежелі дипломмен №8 Қорғанбай ауылдық-кітапхана филиалының кітапханашысы А.Т.Мыңжасарова, №3 Теректі ауылдық кітапхана-филиалының кітапханашысы М.Т.Қасымбекова, I дәрежелі дипломмен
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Г.Ж.Алкеева, №5 Кеңгір кітапхана-филиалының кітапханашысы
А.К.Үсенбаева, бас жүлдемен Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы І.Е.Ыбраева марапатталды.