«Әйел – ұлттық адамзаттың айнасы» құрмет сағаты
8 наурыз Әйелдер күніне орай №2 үлгілі кітапхана-филиалы «Әйел – ұлттық адамзаттың айнасы» атты құрмет сағатын ұйымдастырды. Іс-шараға №1 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Әдемі Бегенова, кітапхана оқырманы Ажар Есимова және оқушылар қатысты. №1 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары іс-шараны әнмен бастады. Кітапханашы іс-шараны жалғастырып, сөз кезегін кітапхана меңгерушісі А.Қыдырмановаға берді. Келген қонақтарды құттықтап, аналарға құрмет көрсетіп сыйлықтар беріліп ән айтылды. Ақ тілектерін білдірген аналар кітапхана ұжымына алғыстарын айтты. @kitaphana_zhez