Кітапханаға экскурсия
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында ашық есік күні өткізілді. Кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту және кітапханалық қызметтермен таныстыру мақсатында өтті.
Кітапхана қонақтары мен оқырмандары кітапхана қорына түскен жаңа кітаптармен және кітап көрмелерімен танысты. Кітапханашылар гуманитарлық колледжінің студенттеріне кітапхана бөлімдерін көрсетіп, саяхат жасап, кітапхананың кітап қорымен таныстырылды. Білімнің қайнар көзі-кітап екені баршаға мәлім. Сондықтан да, кітап адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Тек кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі, ол адамды терең ойлауға жетелейді. Бүгінгі «Ашық есік күніне» қатысқан оқырмандар кітап оқудың терең тәрбиелік мәнін түсініп, кітап оқитын қоғамға өз үлестерін қосуға ниеттерін білдірді. @jez_gum