«Өлеңмен өрнектелген нұрлы өмірі»

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген, өлеңдерін жанына тұмар еткен ақын, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Нұрасила Бәрменбаеваның туғанына 110 жыл толуына орай «Өлеңмен өрнектелген нұрлы өмірі» атты еске алу кеші өтті. Іс-шараға Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Еңбек ардагері, Білім беру ісінің үздігі, «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі Молдағалиева Шүкір Әбдіғалиқызы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері, «Мамандығына адалдығы үшін» номинациясының иегері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Береке Көшенов, ҚР еңбек сіңірген әншсі, Қарағанды облысы әкімінің «Халық әндерін үздік орындаушы» номинациясың лауреаты, Тайжан әндерін зерттеуші, «Алтын қобыз» иегері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Ғалым Мұхамедин, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, филиология ғылымдарының кандидаты, доцент, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы, тау-кен металлургия колледжінің мұғалімі Омарова Мейрамкүл Доскенқызы бастаған студенттер мен ЖИГК колледжінің мұғалімі Жұмабекова Рыскүл Әмірбекқызы және студенттері, музыкалық колледж студенттері, кітапханашы әріптестер қатысты. Ұлытау-Жезқазған өңірінен асып, республикаға танымал болған,туған елін тынбай жырға қосқан, көңіліне демеу, жанына медеу тұтқан, өмір жолына арнаған ақын анамыз Нұрасила Бәрменбаева жайлы «Көңілден кетпейтін бейне» атты бейнеролик көрсетілді. Ақынның көзін көрген , көзі тірісінде әңгімелескен, соңғы өмірінде рухани сырлас болған жандар «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі Молдағалиева Шүкір Әбдіғалиқызы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Береке Көшенов, Тайжан әндерін зерттеуші,«Алтын қобыз» иегері Ғалым Мұхамедин, филиология ғылымдарының кандидаты, доцент, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Ғазиз Елеусізбайұлы ақын жайлы естеліктермен бөлісті. Ақынның мұра етіп қалдырған «Өз елім» және «Жезқазған маршы» әндері шырқалды. Ақынның «Ұлытаудың ұлына», «Жезқазған», «Қарсақпай», «Сүтемген Бүкіровке», «Анашым жыры», «Ана», «Жан ана», «Жаным сүйген жырым ең» атты сырлы өлеңдері оқылды. Іс-шараны қорытындылап, ат салысқан оқырмандарды кітапхана басшысының орынбасары Сүйіндікова Гүлназира Қайырқұлқызы құттықтады. Еске алу кеші жарық дүниенің қас-қағым сәтінің құнын білген, минутының мәнін өзінше бағалаған Нұрасила ақынның «Бір минутты бағалаңдар, адамдар…….» атты өлеңмен аяқталды. Ақын ана өлген жоқ, артында мәңгілікке өлеңі қалды.