«Мерей» кітабының таныстырылымы
23 сәуір 2024 жылға дейін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні болып мерекеленіп келді, 2024 жылдан бастап Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» болып бекітілді.
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында «Бұл кітап әлемі-ғажап әлем!» атты облыстық, қалалық мүшәйралардың жүлдегері, Қожахмет Айнұр Бектасқызының «Мерей» кітабының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Ұлытау облыстық филиалының басшысы , ҚР Журналистер одағының мүшесі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Мырзабеков Батырбек Тыныштықбайұлы, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Филиология ғылымдарының кандидаты, доцент, танымал ақын, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Ғазиз Елеусізбайұлы Ештанаев, «Ұлар» әдеби клубының жетекшісі Абай Ораз және ЖИГК, ЖГК, Тау-кен колледжі, саз колледжінің студенттері, №11 мектептің оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында ақын Айнұр Бектасқызының өмір жолынан «Өлеңмен өрнектеймін өмірімді» атты бейнебаян көрсетіліп, жырларынан өлеңдер оқылды.
«Мерей» кітабының повесі бойынша көрініс қойылды. Көріністе жасөспірім қыз бен анасының арасындағы түсініспеушілік, студенттік өмірі мен басынан қиындығымен қатар жүрген қайсар қыздың арман мүддесіне жету жолындағы күресі, сезім толғаныс, махаббатын бейнелейтін адамгершілік қасиеттері көрсетілді. Көрермен қатысушы студенттер кітап желісінің оқиғасы бойынша авторға сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Кітап таныстырылымында сөз кезегін алған автор кітапхана-филиалдарына «Мерей» кітабының 6 данасын және өнер көрсеткен жастарға да кітабын сыйға тартты. Әдеби-мәдени кеште Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Махмутова Анар Жамантайқызы автор Айнұр Бектасқызына шығармашылық жолына сәттілік тілеп, «Құттықтау хат» табыс етілді. @ainur_qojahmet @zhigkk @jez_gum @kgu.gmk @zhezmuzcollege