«Үздіктер салтанаты»
23 сәуір күні Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында 23
сәуір «Ұлттық кітап» күні апталығының жабылуы салтанатына орай «Үздіктер
салтанаты» өтті. Іс-шараға
үздік, белсенді оқырмандар мен ЖПТК студенттері мен мұғалімдері қатысты. Апталық
қорытындысы барлық кітапханаларда өткен іс-шараларды бейнеролик арқылы оқырмандар назарына ұсынды. Іс-шара
барысында кітапханамыздың жас кітапханашылары «Кітап туралы ой»,
«Жазылмаған кітап», «Едәуір екі кітап ермек еді» өлеңін оқыды. Жезқазған
қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының атынан
кітапханамыздың оқырмандары «Үздік оқырман-2025»-Жолаев Закирхан,
«Отбасылық оқырман-2025»-Сүлейменова Орал, «Көркем әдебиет
жанашыры-2025»-Таттибасов Жұмабай, «Кітап жанашыры-2025»- Жүнісова
Жеміскүл «Алғыс хат» және «Менің сүйікті кітабыммен селфи» байқауында ең көп лүпіл
жинаған жеңімпаздар Кемелтас Аяжан, Апек Ақниет дипломдармен
марапатталды. Апталықты қорытындылау кезінде
орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы
Махмутова Анар Жамантайқызы оқырмандарға құттықтау сөз сөйлеп,
«Белсенді оқырман-2025»- Мәлік Айзат, «Талғампаз оқырман-2025»- Шахан
Әділ, «Кітапқұмар оқырман-2025» -Шапашова Дина, «Үздік жас оқырман-
2025»- Шабат Жанбота алғыс хаттар табысталды. Кеш кітапханашылардың
«Кітапханашылар» әні, «Жақсы адамдарым» әндерімен аяқталды.