Ерлік даңқы мәңгі өшпейді
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлік даңқы мәңгі өшпейді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрменің мақсаты – жастарға Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіру, батырлар ерлігін құрметтеу және отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Кітап көрмесіне Ұлы Отан соғысының ардагерлері Тасмағанбетов Жапарбай, Есімбаев Мұса, Аққошқаров Жүнтай, Смайылқызы Камал, Нысамбаев Бакен, Жәнібеков Бәйдеш, Құрманбаев Нүрпейіс аталарымыздың естеліктері, соғыс кезіндегі тарихи фотосуреттер мен құжаттар, Отанды қорғаған тыл еңбеккерлері мен жауынгерлердің ерлік істерін көрсететін материалдар қойылды. Сонымен қатар кітапхана қорындағы соғыс жылдары туралы қазақ және орыс тіліндегі әдебиеттер қойылып, қонақтар мен оқырмандарға таныстырылды.