Жұмысшы мамандықтары жылы 2025

Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жарияланды. Бұл экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасы “Еңбек түбі — береке” атты Жезқазған мыс қорыту зауытының шихта дайындау цехының Аға күйдірушісі Салқауов Төлеген Тағамбайұлымен сыр сұхбат жүргізді.
Мыс зауытында 37 жыл адал еңбек етіп, осы жылдар ішінде 2002 жылы lll дәрежелі “Еңбек даңқы”, 2015 жылы ll дәрежелі “Еңбек даңқы” және 2020 жылы l дәрежелі “Еңбек даңқы” төсбелгісінің иегері атанды.
Бірнеше алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапатталған.