«Желсіз түнде жарық ай» атты әдеби-музыкалық кеші
Жезқазған қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен қазақ руханиятының алып тұлғасы — Ұлы Абай Құнанбаевтың 180жылдығына арналған «Желсіз түнде жарық ай» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Абай мұрасына арналған бұл кеш «Абай рухына тағзым еткен ұрпақ үні» атты поэтикалық блокпен ашылып, қала көркемөнерпаздары ұсынған ұлы ақынның әндері мен күйлері шырқалған концерттік бағдарламаға ұласты.
Іс-шараға жиналған көпшілік назарына Абайдың өмірі мен шығармалары, музыкалық мұрасын дәріптеуге арналған «Әлемдік деңгейдегі кемеңгер», «Абай адамзаттың шамшырағы», «Абайдың музыкалық мұрасы», «Абайдың табиғат лирикасы» атты 4 бөлімнен тұратын нақыл сөздері мен кітаптары ұсынылды. Абайдың көрме-картиналары мен музыкалық мұрасы QR код арқылы ашылып, өлеңдері тыңдалып, оқылды.
