Абайдың 180 жылдығы

Ақын ескерткіші жанында қазақ руханиятының алып тұлғасы-Ұлы Абай Құнанбаевтың 180жылдығына арналған «Желсіз түнде жарық ай» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Осы кешке қатысқан қала оқырмандарына Жезқазған қаласының орталық кітапханасы қазақтың ұлы ғұлама ойшылы, философ, ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай мазмұнды көрме ұйымдастырылды. Көрме «Әлемдік деңгейдегі кемеңгер», «Абай адамзаттың шамшырағы», «Абайдың музыкалық мұрасы», «Абайдың табиғат лирикасы» атты 4 бөлімнен тұрады. Көрме аясында ақынның шығармашылығы кезең-кезеңімен таныстырылып, кітаптары мен нақыл сөздері көпшілікке таныстырылды. «Абай» сөзінен көрме инсталляциясы жасалып, Ұлы Абайдың өмірі мен отбасы туралы көрме-картинкалары көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрмеде сондай-ақ Абайдың Жидебайдағы Абай қыстауы, Абай оқыған Риза медресесі, Абай мінген күймелі пәуеске макеті жасалып, Абай отырған қыстаудағы киіз үй іші жабдықталып,ішінде бала Абай әжесі Зере жанында отырып өлеңін оқыды. Абайдың көрме-картиналары мен музыкалық мұрасы QR код арқылы ашылып, өлеңдері тыңдалып, оқылды.