Медет Сламұлы Қарахметовтің «Тамшы» атты өлеңдер жинағының тұсау кесері
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік бөлімінің ұйымдастырумен «Kitap Time – 2025» жалпыұлттық кітап фестивалі аясында ақпаратты және библиография бөлімінің «Мерзімді басылымдар-өмір айнасы», Кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімі Абай Құнанбайұлының 180 жыл толуына орай «Жаңа кітаптар айдары» атты кітаптардан көрме инсталляцисы жасалды. Сонымен қатар оқырмандарға ақпаратты-автоматтандыру бөлімі диск және кітаптардан көрме инсталяциясы, qr- код оқырмандарға көрсетілді.
Іс -шара жалғасын өлкеміздің жас ақыны, «Ұлытау облыстық мәслихатының аппараты» ММ-де бас инспектор, «Ұлар» әдеби клубының белсенді мүшесі Медет Сламұлы Қарахметовтің «Тамшы» атты өлеңдер жинағының тұсау кесері және Медет Қарахметовтың сөзіне жазылған «Қарама» әнінің тұсауы кесілді.
Әдеби кешке қаламыздың қадірлі қонақтары, жергілікті ақындар, сондай-ақ Жезқазған қаласының колледж студенттері қатысты. Жас ақынның шығармашылығын кеңінен таныстыру мақсатында «Жас жүректен төгілген жыр» атты бейнебаян мен «Тамшы» жинағының қысқаша таныстырылымы көрсетілді.
Жергілікті ақындар мен келген қонақтар Медет Қарахметовке жылы лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Шара барысында ақынның сөзіне жазылған «Ұлытауым» және «Жеңге мен қайны» әндері орындалып, кітапхана жанынан құрылған «Жас толқын» поэзия клубының мүшелері Медет Сламұлының жүрек толқытқан сырлы өлеңдерін оқыды.
Кеш қонақтары жас ақынға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу өрбіді. Кітап таныстырылымы ақынның сөзіне жазылған «Ұлытау» әнімен қорытындыланды.
