Әлия Әшіммен сұхбат
Кітапхана төрінде медиа тұлғамен сұхбат-кездесу….
Бүгінгі өткен кездесу ерекше әсер мен шабыт сыйлады! Журналист, деректі фильм жасаушы, инфлюенсер Әлия Әшім ханыммен ашық форматтағы сұхбат- жастар үшін үлкен мотивация болды. Жас болса да, үйретері мол тұлға! Шынайы әңгімесі, құнды тәжірибесімен бөліскені және жылы шырай танытқанына зор алғыс білдіреміз.
Кітапхана қызметкерлері жергілікті қаламгерлердің кітаптарын сыйға тартып, шараның мәнін одан әрі арттыра түсті.
Сонымен қатар, кездесу барысында “JezQanat” әдеби-мәдени оқырмандар клубының атынан да, кітаптар табысталды. Клубтың негізін қалаушы, Aq Jol Ulytau демократиялық партиясының мүшесі Батырхан Оспанов ағамыз жеке қорынан арнайы сыйын да, табыстады. Алдағы уақытта осындай мазмұнды кездесулер көп болады бұйырса!
Кездесуге уақыт бөліп, келгендеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!
#ӘлияӘшім
#Сұхбат
